Азия даму банкі және Қазақстан: ақпараттық анықтама

Publication | April 2021

АДБ-ның Қазақстандағы операциялары COVID-19 пандемиясынан кейін тұрақты қалпына келуді қамтамасыз етуге, елдің шикізат тауарларының экспортына тәуелділігін төмендетуге, теңсіздікті азайтуға және климаттың өзгерісі кезіндегі осалдық мәселелерін шешуге бағытталған.

АДБ-ның қазір Қазақстанда атқарып жатқан іс-әрекеттері мына үш негізге сүйенетін 2017- 2021 жылдарға арналған елмен серіктестік стратегиясы аясында жүзеге асырылуда: экономиканы әртараптандыру, инклюзивті даму және тұрақты өсім. Қазақстан – қатысушы елдер арасында ең үлкен портфелі бар Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасының белсенді қатысушысы. Портфелінің көлемі – $9 млрд, оның ішінде $2 млрд АДБ тарапынан қаржыландырылған.

АДБ елдің экономикалық бәсекеге қабілетін арттыру арқылы тікелей шетелдік инвестициялар тарту және жаңа технологияларды енгізу кезінде Үкіметті қолдайтын болады.

АДБ-ның жыл сайын жаңартылатын осы ақпараттық анықтамасында елдегі операциялары туралы қысқаша ақпарат пен байланыс ақпараттары ұсынылады.

Additional Details

Type
Series
Subjects
  • ADB administration and governance
  • ADB funds and products
Countries
  • Kazakhstan

Subscribe to our monthly digest of latest ADB publications.

Follow ADB Publications on social media.